ЖаңалықтарҚылмыс
Полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқан ер адамға сот үкімі шықты — ШҚО

Риддер қаласының тұрғыны өз кінәсін мойындап, полиция қызметкерінен кешірім сұрады.
Қалалық сотта мемлекеттік қызметкерді қорлады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Белгілі болғандай, тамыз айында ер адам 102 нөміріне бірнеше рет қоңырау шалған. Сол кезде ол кезекшілікте болған полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқан.
Бұл әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 378-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұлдан бастап 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Жаза тағайындамастан бұрын ер адамның бұрын қылмыстық іске тартылмағаны, тұрғылықты жері бойынша жазбасы ескерілді. Нәтижесінде оған 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы берілді.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.



