ЖаңалықтарҚылмыс
Көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды — Өскемен

Полиция қызметкерлері қала тұрғынының көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстап, қамауға алды.
5 қаңтар күні сағат 18:55-те «102» нөміріне қала тұрғыны хабарласып, оның BMW көлігін белгісіз біреудің заңсыз айдап кеткенін айтқан. Салдарынан жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
— Жедел іздестіру шаралары барысында ШҚО Полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен-Алтай тасжолының 38 шақырымында іздеудегі көлікті тоқтатып, құқықбұзушыны қолға түсірді, — делінген ресми ақпаратта.
Анықталғандай, көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы азамат болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



