№1 қалалық аурухананы жөндеу жұмыстары аяқталды ма?

Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада жөндеу жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталуда. Қазіргі уақытта терапия бөлімшесі мен хирургиялық блоктың бір бөлігі толық жөнделіп бітті.
Жөндеу жұмыстары кезінде науқастар уақытша басқа бөлімшелерге орналастырылған болатын. Енді жаңартылған бөлімшелер біртіндеп өздерінің белгіленген қабаттарына көшіріліп, аурухана қалыпты жұмыс режиміне оралуда.
Сонымен қатар аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Дәрігерлер эндоскопия, лапароскопия және дуоденоскопияға арналған заманауи медициналық жабдықтарды жаңарту және жаңадан сатып алу қажеттігін айтты.
Бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен аурухананың бас дәрігері бірлесіп қарастыратын болады.



