ЖаңалықтарСпорт

Өскемендік хоккейшілер Континенталдық кубокта жеңіске жетті

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Континенталдық кубоктың топтық кезеңін сәтті бастады. Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен алғашқы ойында өскемендік команда Данияның «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Кездесу барысында «Торпедо» ойыншылары жоғары нәтижелілік көрсетті. Никита Колобов дубль авторы атанса, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Дмитрий Гренц және Илья Кляузов бір-бір шайбадан соқты.

Осылайша, «Торпедо» Еуропадағы ең беделді клубтық турнирлердің бірі саналатын Континенталдық кубокта Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, отандық хоккей мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Топтық кезең аясындағы келесі матчты өскемендік ұжым ертең Францияның «Анже-Дакс» клубына қарсы өткізеді. Ал топ жеңімпаздары турнирдің алтын жүлдесі үшін тартысты 18 қаңтарда жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button