ЖаңалықтарҚылмыс

ШҚО тұрғыны елік атқаны үшін айыппұл төледі

Шығыс Қазақстан облысында елікті заңсыз атқан тұрғынға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Глубокое аудандық соты хабарлады.

Сот мәліметінше, оқиға өткен жылдың 8 желтоқсанында болған. Ер адам аң аулауға рұқсаты болмаса да, Уварово мен Саратовка ауылдарының арасындағы аумақта елікті мылтықпен атып өлтірген.

Аталған заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке 1 474 500 теңге көлемінде залал келтірілген. Кейін сотталушы бұл шығынды толық өтеген. Бұл жайт сотта жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

Нәтижесінде сот ер адамды бір жылға аң аулау құқығынан айырып, 200 АЕК немесе 786 400 теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button