Жаңалықтар
Көлік өздігінен қозғалып, екі нысанға соғылды — Өскемен

15 қаңтарда Есенберлин даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Kia Mohave маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті дабыл жүйесіне қойған кезде беріліс қорабын «паркинг» режиміне ауыстырмаған. Соның салдарынан автокөліктің автожіберу жүйесі қосылған сәтте көлік өздігінен қозғалып, Subaru Outback көлігіне және көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне соғылған.
Полиция дерегіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек бойынша көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



