Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

«Торпедо» Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды — ШҚО

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін жеңіп алды. 2025–2026 жылғы маусымдағы халықаралық турнирдің финалдық кезеңі Англияның Ноттингем қаласында өтті.

Шешуші ойындарда өскемендік ұжым жоғары деңгейдегі ойын өнерін көрсетіп, жанкүйерлер сенімін толық ақтады. Алдымен «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Францияның «Дюк д’Анже» командасына қарсы өткен тартысты кездесуде қазақстандық хоккейшілер овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді.

Алтын жүлде үшін өткен соңғы ойында «Торпедо» турнир қожайыны – Англияның «Ноттингем Пантерз» командасымен шықты. Тартысқа толы матч 4:2 есебімен британдық клубтың пайдасына аяқталды. Осылайша, турнир қорытындысы бойынша өскемендік команда екінші орынды иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл – «Торпедо» клубының Континенталдық кубоктағы ең үздік көрсеткіші. Бұған дейін команда 2007–2008 жылғы маусымда аталған турнирдің қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button