Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар

Өскемендегі №1 емхана жаңартылды

Өскемен қаласындағы №1 емхананың жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышев танысты.

Емхананы күрделі жөндеуден өткізуге 680 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға ғимараттың үш қабаты толық жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды. Қабылдау бөлмелері мен емдеу кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жөндеу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді.

— Дәрігерлердің қолайлы ғимаратта жұмыс істеуі және тұрғындардың жайлы жағдайда ем алуы – басты мақсатымыз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, өткен жылы облыста 11 медициналық нысан жөндеуден өтті. Сонымен қатар, 3,3 миллиард теңгеге 243 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынып, денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілді. Алдағы уақытта да әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстары жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button