ЖаңалықтарСпорт

Жабық футбол алаңы салынады — Өскемен

ШҚО әкімдігінде өткен кеңесте өңірде футболды дамыту мәселелері қаралды.

— «Алтай» футбол клубы тиімді менеджмент пен жүйелі жұмыстың нәтижесінде айтарлықтай жетістікке жетті. 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лигада өнер көрсеткен клуб жүлделі орын алып, Премьер-лигаға жолдама алды. Бұл — өңірлік футбол үшін маңызды қадам, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Облыста футбол академиясы жұмыс істейді, барлық аудандарда секциялар ашылған. Қазіргі таңда 35 жаттықтырушының жетекшілігімен 600-ден астам бала футболмен айналысуда. Өңір басшысының айтуынша, бірқатар футбол алаңдары күрделі жөндеуді қажет етеді. Балалар спортын қолдауға бизнес өкілдері мен меценаттарды тарту жұмысын күшейту маңызды.

—Жабық футбол алаңын салу бастамасы қаралды. Өскемен қаласының 22-шағын ауданында, «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының маңында орналасатын көпфункционалды спорт кешенінің жобасы әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өту сатысында тұр, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button