Өскемендегі су құбырындағы апат әлі жойылған жоқ

Қаладағы ірі су құбыры желісіндегі апат әлі толықтай қалпына келтірілген жоқ. Төтенше жағдай кеше таңғы сағат 10:30 шамасында қатты аяздың салдарынан болған.
Қазір Мирный кентінің, Карбышев, Беспалов, Ломоносов және Севастопольская көшелерінде тұратын азаматтар сусыз отыр. Магистральды су құбырының бірнеше учаскесінде бірден жарылыс тіркелген.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан алты көпқабатты тұрғын үй, 200-ден астам жеке тұрғын үй және №26 орта мектеп зардап шеккен. Қалпына келтіру жұмыстары қатты аязға байланысты күрделене түскеніне қарамастан, жөндеу бригадалары тәулік бойы жұмыс істеуде.
Бүгін таңертең Өскеменде ауа температурасы қайтадан -39 градусқа дейін төмендеді. Тұрғындар үшін су цистерналары арқылы орталықтандырылған су жеткізу ұйымдастырылған. Алайда әлеуметтік желілерде қала тұрғындары белгіленген кестеге бейімделу қиын екенін айтып, наразылық білдіруде.



