ЖаңалықтарМәдениет
Өскемен қаласында ретро көрме өтеді

25 қаңтарда «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында Креативті индустрияны дамыту орталығының бастамасымен көрме өтеді.
Іс-шарада шаһар тарихы мен әр кезеңнің атмосферасын бейнелейтін түрлі ретро суреттер ұсынылады.
Фотокөрме сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін болады.



