ДенсаулықЖаңалықтар

Алтайда жедел жәрдем қызметіне үш жаңа көлік берілді

Алтай ауданының жедел жәрдем қызметі үш жаңа автокөлікпен толықты. Жалпы өңірге берілген 36 жаңа көліктің үшеуі Алтай ауданына бөлінді. Соңғы рет жедел жәрдем көліктері 2020 жылы жаңартылған.

Жаңа «ГАЗ Соболь 4×4» маркалы автокөліктер Алтай және Серебрянск қалаларына, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіне жеткізілді. Әр елді мекенге бір көліктен берілді.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы жедел жәрдем қызметінің қарамағында төрт «ГАЗель Next» және бір «ГАЗ Соболь» көлігі бар. Бұл бригадалардың кез келген ауа райы мен жол жағдайында науқастарға дер кезінде жетуіне мүмкіндік береді.

Ал Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі жедел жәрдем қызметі екі арнайы көлікпен қамтамасыз етілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button