Жаңалықтар

ШҚО-да қар жауып, тұман түседі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстік өңірлерде тұман түседі.

Облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде тұман күтіледі.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге шығатын сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

Егер жолға шығу қажет болса, өзіңізбен бірге сүйреу кабелі, жеткілікті жанармай, күрек, фонарь, алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім, азық-түлік пен шам алып жүру ұсынылады.

Жолда жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер де сақтық шараларын күшейткендері жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button