ЖаңалықтарҚылмыс

ШҚО-да жасөспірімдер дүңгіршектерді тонап кетті

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер сауда нысандарын тонап кеткен. Оқиға 20-21 қаңтарға қараған түні Алтай қаласында болған.

Белгісіз біреулер нан сататын «Мамин хлеб» дүңгіршегі мен гриль сататын павильонға заңсыз кіріп, ішінен ақша ұрлап кеткен.

Полиция күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Белгілі болғандай, қылмысқа екі кәмелетке толмаған жасөспірім қатысқан. Олардың бірі – Алтай, екіншісі – Өскемен қаласының тұрғыны.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұрланған ақшамен таксиге мініп, Өскеменге кеткен. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button