Жаңалықтар

Бүгіннен бастап дөңгелегін айырбастамағандар айыппұл төлейді

Елімізде 1 желтоқсаннан бастап, көлік жүргізушілері қысқа арналған дөңгелек салуға міндетті. Дөңгелегін уақытылы айырбастамаған жүргізушілерге айыппұл салынады.

Заңға сәйкес, бүгіннен бастап ақпан айының аяғына дейін жазғы дөңгелекпен жүргендерге жаза қолданылады. Бірінші рет, полиция қызметкерлері 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл салады. Ал қайталанған жағдайда, бұл сумма 78,6 мың теңгеге дейін өседі.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде АЕК мөлшері 4325 теңге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button