ЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде этно-концерт өтеді

Өскемен тұрғындарының құлағына алтын сырға: 24 қаңтар күні сағат 17:00-де этно-музыкалық концерт өтеді.

Көрермендер назарына «Дала сарыны» атты концерт ұсынылады. Кеш барысында Тарбағатай ауданының «Барқытбел» этно-ансамблі, сондай-ақ түркі халықтарының музыкалық мәдениетін дәріптеп жүрген әйгілі «TURAN» ансамблінің мүшелері — Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет және Жанту Дадабаев өнер көрсетеді.

Концерт барысында көшпенділер өркениеті мен ұлттық аспаптардың әуезді үні бір сахнада тоғысады.

Билеттерді Шығыс Қазақстан облыстық филармония кассасынан, Ticketon сайты арқылы немесе 8 (705) 101 31 25 нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.
Билет бағасы — 3000 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button