Жаңалықтар
ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Еліміздегі ішімдіктен бас тартқан ауылдар қатарына Тарбағатай ауданына қарасты Жаңаауыл ауылы да қосылды.
Алты жүзден аса тұрғыны бар Жаңаауыл ауылында «Заң үстемдігі – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында өткен кездесу барысында жұрт алкоголь өнімдерін тұтынуды тоқтату жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдаған.
Кездесуде қоғамдық тәртіпті нығайту, ішімдіктерге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және алаяқтық қылмыстардың профилактикасы мәселелері жан-жақты талқыланды. Тұрғындар да арақтан бас тарту – тыйым емес, отбасындағы тыныштықты, қоғамдағы қауіпсіздікті және өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған саналы таңдау екенін атап өтті, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.



