Өскеменде қай көшелер абаттандырылады?

«Халыққа қатысу бюджеті» жобасы аясында 2026 жылы қалада бірқатар аула аумақтарын абаттандыру жоспарланып отыр.
Абаттандыру жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізіледі:
Виноградов көшесі, 12, 12/1, 16;
Крылов көшесі, 68;
Славский жағалауы, 20 және 48;
Сәтбаев даңғылы, 15 .
Воркаут және балалар алаңы Абай, Сәтпаев, Әл-Фараби даңғылдары мен Есенберлин, О.Бөкей көшелерінде салынады.
Футбол алаңдары Әл-Фараби даңғылы, 40 және Қабанбай батыр көшесі, 91 мекенжайларында салынады.
–Өткен жылы жоба аясында 219 ұсыныс түскен. Оның 198-і дауыс беруге жіберіліп, нәтижесінде 72 жоба қажетті дауыс жинады,-деді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сараптамалық кеңес жалпы құны 678 миллион теңгені құрайтын 27 жобаны іске асыруды мақұлдады.
«Халыққа қатысу бюджеті» жобасы бойынша жоспарланған жұмыстар биыл толық жүзеге асырылады.



