«Қазақтелеком» атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтар өздерін «Қазақтелеком» қызметкеріміз деп таныстырып, тұрғындарды алдауда. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Олар қоңырау шалып, байланыс шартыңыздың мерзімі аяқталғанын немесе сізге арнайы жеңілдіктер бар екенін айтады.
Кейін WhatsApp арқылы «Деректерді жаңарту», «Жеңілдікті қосу» деген сілтеме жібереді.
Сілтемені басқанда телефонға зиянды файл (APK форматында) жүктеледі. Ол жүктелгеннен кейін алаяқтар сіздің банктік қосымшаларыңызға және жеке деректеріңізге қол жеткізе алады.
Зиянды файл белгілері:
– телефон қатты қызады;
– экран бұғатталады;
– телефон функциялары істемей қалады.
Не істеу керек?
1.Телефонды бірден өшіріңіз (қуат түймесін ұзақ басыңыз).
2.SIM-картаны шығарып, интернетті өшіріңіз (Wi-Fi-ды сөндіріңіз).
3.Мүмкін болса, батареяны алыңыз.
4.Басқа телефоннан банкке хабарласып, шоттар мен карталарды бұғаттаңыз.
5.Полицияға 102 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз.



