Өтепов көшесіндегі бөбекжай қашан ашылады? — ШҚО

Өскемен қаласындағы Өтепов көшесінде орналасқан «Ана мен бала» орталығы жаңа ғимаратқа көшіріледі. Қазіргі уақытта орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ендеше облыстағы аналарды толғандырған басты сауал — бөбекжай қашан ашылады?
«Ана мен бала» орталығының перзентханасы 1986 жылы салынған. Сол уақыттан бері мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Алты қабаттан тұратын орталықты реконструкциялау жұмысын Dk Build ЖШС атқарып жатыр. Жөндеу жұмыстарына 3 миллиард 756 миллион теңге бөлінген. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Ресми ақпаратқа сенсек, орталықта 144 төсек-орын жабдықталады.
Ғимаратта ең маңызды жұмыстар аяқталды. Жоспар бойынша 2026 жылдың 1 жартыжылдықтың аяғы немесе 2 жартыжылдықтың басы ашылуға тиіс, — дейді «Ана мен бала» орталығы басшысының орынбасары Асель Айдарханова.
Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң, ота және жансақтау бөлімдері ашылады деп күтілуде.



