ЖаңалықтарСпорт

Өскеменде шайбалы хоккейден турнир басталды

Бүгін облыс орталығында мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Sport fest 2026» турнирі басталды. Облыстық әкімдік пен прокуратураның мұрындық болуымен ұйымдастырылған спорттық шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылуда.

—Турнирдің басты мақсаты- спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ бірлік пен ынтымақ сезімін нығайту, – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Жансая Кадирова.

Дүбірлі додаға сегіз хоккей командасы қатысуда. Ең жас спортшы «КШТ» құрама командасындағы Мақсат Тұрсынғазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button