Жаңалықтар
ШҚО бал өндіруден көш бастап тұр

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада бірінші орынға шықты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова мәлімдеді.
—Облыс өсімдік майы, балық, қымыз және бал өндіруден еліміз бойынша бірінші орынға ие,-деді ол.
Одан бөлек, балқытылған ірімшік дайындаудан, қарақұмық пен құрт өндіру бойынша екінші орында тұр.
Сонымен қатар, өңір құс еті, консерві мен шұжық өнімдерін шығарудан ел көлемінде үшінші орынға жайғасты.



