ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді. Жарыс 14 ақпанда Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ұйымдастырылады.
Бұл турнир World Athletics Indoor Tour (Silver) сериясының кезеңі болып табылады. Спортшылардың көрсеткен нәтижелері World Athletics (Әлемдік жеңіл атлетика федерациясы) рейтингінде есепке алынады. Сондықтан бұл жарысқа қатысушылардың деңгейі жоғары болып, бәсекелестік пен қызықты көріністер көп болмақ.
Осы шара халықаралық деңгейдегі атлеттерді өз қалаңызда, қала шегінен шықпай-ақ көруге мүмкіндік береді.
Жарысқа кіру тегін.



