ЖаңалықтарСпорт
Алтайда мотожарыс өтеді

7 ақпан күні сағат 11:00-де Алтай қаласында мотоциклшілер арасында қала чемпионаты өтеді. Жарыс «Металлург» стадионының мұз айдынында ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – спортты дамыту, жастарды техникалық спорт түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа қатысатын спортшыларда Мотоцикл спорты федерациясының талаптарына сай құжаттар болуы қажет.
Қатысуға өтінімдер 5 ақпанға дейін WhatsApp қосымшасы арқылы қабылданады. Байланыс нөмірі: 8-705-230-60-16.



