Жаңалықтар

ШҚО-да жаңа құс фабрикасы салынады

Шығыс Қазақстан облысында жұмыртқа өндірумен айналысатын жаңа құс фабрикасы салынады. Жобаны «Ramazan Qus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Құс фабрикасы «ALATAU QUS» деп аталады.

Жаңа кәсіпорын заманауи технологиялармен жабдықталады. Оның басты мақсаты – өңір тұрғындарын өзімізде өндірілген тауық жұмыртқасымен қамтамасыз ету.

Құс фабрикасының аумағында жұмыртқа салатын тауықтарға арналған 8 корпус және жас тауықтарды өсіруге арналған 2 корпус салынады. Әр корпусқа 70 мың құс сияды. Кәсіпорын жылына 170 миллион жұмыртқа өндіретін болады.

Қазіргі уақытта инвесторлар фабрика салынатын жерді анықтап жатыр. Жобаны іске асыру 2027 жылға жоспарланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button