Жаңалықтар

Өскемен: «Плюшкин» синдромы бар тұрғынның үйінде өрт шықты

Өскемен қаласында Әуезов даңғылы, 49б мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің үшінші қабатында өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына пәтер ішінде жиналған қоқыс себеп.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса, бұл жағдайды қызу талқылап жатыр.

— «Ең жұмбақ пәтер еді», Мен ол жерде қандай да бір зертхана бар деп ойлайтынмын, әр терезеде желдеткіш бар», «Екінші қабаттағы пәтер иелеріне қиын. Өрт ауыздықталса екен, әйтпесе төмендегі көршілердің төбесінен су сорғалайды. Тұрғындарға обал», «Онда «Плюшкин» синдромы бар адам тұрады, учаскелік полицей қайда қараған?», — деген пікірлер қалдырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button