ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде қызметтік қаруға тексеріс басталды

Облыс орталығында 20 наурызға дейін «Қызметтік қару» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтеді.
Іс-шараның мақсаты – қару айналымы саласындағы заң талаптарының сақталуын тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері қызметтік қаруды пайдаланатын ұйымдарды тексереді. Атап айтқанда, қару сақталатын бөлмелердің техникалық жағдайы, бейнебақылау камералары мен күзет сигнализациясының жұмыс істеуі назарға алынады.
Іс-шара облыстық полиция департаментінің бақылауымен жүргізіледі.



