ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде есірткі сататын әйелдер көбейді

Өскемен қаласында есірткі таратуға қатысы бар әйелдер саны артып отыр. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.
2024 жылы есірткі сатқаны үшін 3 әйел ұсталған болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 7 адамға жеткен. Ал биылғы жылдың басынан бері тағы 2 әйел анықталған.
Соңғы екі жылда әйелдердің қатысуымен жасалған мұндай қылмыстар саны екі есе көбейген. Ұсталғандардың арасында жас қыздардың болуы алаңдатып отыр.
Есірткі тарату — ауыр қылмыс. Заң бойынша бұл әрекет үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



