Жаңалықтар
Өскемен: Есірткі тарататын әйелдер көбейген

Жыл басынан бері, облыс орталығында есірткі таратумен айналысқан 2 әйел ұсталды.
Өскемен қаласы прокуратурасы берген ақпаратқа сенсек, кейінгі жылдары қалада қауіпті үрдіс белең алып барады. Қылмыстық топтар әйелдерді курьер және «закладчик» ретінде пайдалану фактісі жиілеген.
Ресми деректе, 2024 жылы Өскеменде есірткі сату фактілері бойынша 3 әйел ұсталса, 2025 жылы 7, ал 2026 жылдың алғашқы айында 2 әйел ұсталған.
Іс жүзінде соңғы екі жылда әйелдердің қатысуымен тіркелген қылмыстар саны екі есе өсті. 2026 жылдың басындағы көрсеткіштер де көңіл қуантпай тұр. Ұсталғандардың жасы да ерекше алаңдаушылық туғызады. Олардың арасында жеңіл табысқа келісіп, өз тағдырын өзі күйретіп жатқан жас қыздар да бар, — дейді прокуратура өкілдері.



