ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Өскеменде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға 8 ақпан күні Земляничная көшесінде (Тогас көшесі маңындағы саяжай) орын алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, Kia маркалы көлік жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған 43 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апатының кесірінен әйел адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



