БілімЖаңалықтар

Өскеменде республикалық білім көрмесі өтіп жатыр

Өскеменде «Vipusknik.kz–2026» II республикалық білім көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараның өтуіне облыс әкімдігі мен білім басқармасымұрындық болған.

Талапкерлерге кәсіби бағдар беруге бағытталған көрмеге Астана, Алматы, Қарағанды, Байқоңыр, Семей және Өскемен қалаларының жоғары оқу орындары мен колледждері қатысуда.

— Біз Шығыс Қазақстан облысына бірінші рет келіп тұрмыз. Университетімізде 12 мыңнан астам студент білім алады. Алайда олардың арасында шығыстан келгендер аз. Сондықтан университетімізге осы өңірден қыздарды тарту мақсатында келдік, – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қабылдау бөлімінің маманы Аружан Болатбек.

Көрменің басты мақсаты — болашақ студенттер мен білім беру ұйымдары арасында тікелей байланыс орнатып, талапкерлерге саналы таңдау жасауға мүмкіндік беру.

— Университет, колледждер туралы жан жақты ақпарат алдық,оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек, грант және ақылы оқу үшін жинайтын шекті балл айтылды. Маған ең қатты ұнағаны — Алматы қаласындағы «Тұран» университеті болды, – деді 11-сынып оқушысы Дильназ Жақсыгелдина.

Көрмеге кейбір талапкерлері ата-аналарымен де келіп қатысуда. Айта кетейік, көрме 9-10 ақпан күндері Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы ғимаратында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button