Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бойы құжатсыз жүрген

Егде жастағы ер адам 20 жылдан астам уақыт бойы құжатсыз және тұрақты баспанасыз өмір сүрген. Ол көмек сұрап полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Полиция департаментінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері жағдайға жедел кіріскен. Полиция майоры Миргүл Уалиева мен бас маман Әсел Аленова ер адамға қажетті құжаттарды жинауға және оларды қалпына келтіруге көмектескен.

Нәтижесінде, ұзақ жылдар бойы заңды мәртебесіз жүрген ер адам өз азаматтығын ресми түрде растады.

Осы жағдайға байланысты Алтай ауданының тұрғыны Ольга Аксенова полиция департаментіне хат жолдап, көші-қон қызметі қызметкерлеріне кәсібилігі мен адамгершілігі үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, ең бастысы — адамдарға деген қарапайым әрі жылы көзқарас.

Басқа жаңалықтар

Back to top button