Жаңалықтар
Өскеменде SOS түймелері сирек қолданылады

Өскеменде шұғыл шақыруға арналған SOS түймелері мүлдем қолданылмайды деуге болады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Өткен жылдың желтоқсан айында қала аумағында SOS түймесі бар қосымша 15 құрылғы орнатылған. Сонымен қатар, бұрын орнатылған 5 құрылғы жаңартылған. Қазіргі таңда барлық 20 түйме толық жұмыс істеп тұр.
Полиция мәліметінше, былтыр бұл түймелер бар болғаны 4 рет қана қолданылған. Ал биылғы жылы SOS түймелері арқылы бірде-бір шақыру түспеген.



