ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде қызылшаның үш жағдайы тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында қаңтар айының басынан 6 ақпанға дейін қызылшаның 5 жағдайы анықталды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Аурудың үш жағдайы Өскемен қаласында тіркелсе, бір-бір жағдайдан Глубокое және Тарбағатай аудандарында анықталған. Науқастардың үшеуі түрлі себептерге байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Мамандардың айтуынша, бес жағдайдың төртеуі сырттан әкелінген. Яғни науқастар Астана, Алматы және Абай облысынан келген.

Айта кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде өңірде қызылша тіркелмеген. Мамандардың айтуынша, қызылша жоғары дене қызуымен, жөтелмен, мұрыннан су ағумен және көздің қызаруымен басталады. Кейін денеде қызыл дақты бөртпе пайда болып, жалпы әлсіздік пен улану белгілері байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button