ЖаңалықтарСпорт
Өскемендік спортшы биіктікке секіруден рекорд жаңартты

Өскемен қаласының спортшысы Фаина Мейірманова үлкен жетістікке жетті. Ол Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында биіктікке секіруден рекорд орнатты.
Фаина Мейірманова– Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлеті. Есту қабілетінің нашарлығына қарамастан, ол спортпен тұрақты айналысып, тынымсыз жаттығудың арқасында жоғары нәтиже көрсетті.
Спортшы өз жетістігі арқылы шектеу адамның мүмкіндігінде емес, тек ойында екенін дәлелдеп отыр.



