ДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да көктайғақ: жүргізушілерге ескерту жасалды

«ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына ескерту жасады. 11–12 ақпан күндері өңірде жаңбыр жауып, артынан күн суытып, жолдарда көктайғақ болады.

Мамандардың айтуынша, жаңбырдан кейін ауа температурасы күрт төмендейді. Соның салдарынан тасжолдар мұз болып қатып, көлік қозғалысы қиындауы ықтимал.

Осыған байланысты тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес берілді. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік түрлеріне уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

Жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтап, сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button