Онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Өскеменде онкология және хирургия орталығында 14 ақпан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ашық есік күні өтеді.
Бұл күні онколог-дәрігерлер тұрғындарды тегін қабылдайды. Келушілер сүт безі обыры, тері ісіктері, асқазан мен ішек қатерлі ісігі, бауыр ісігі, онкоурология, бас және мойын, кеуде мүшелерінің ісіктері бойынша кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізіледі.
Мамандар қатерлі ісіктің алдын алу, алғашқы белгілері, диагностика және заманауи емдеу тәсілдері туралы түсіндіреді.
Алдын ала жазылу қажет емес.
Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бұрынғы тексеру нәтижелері (бар болса) болғаны дұрыс.
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық бөлімше).
Байланыс телефондары: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944 48 08.



