Жаңалықтар
Өскеменде ақылы босану қанша тұрады?

Аймақтық Ана мен бала орталығы ақылы қызметтердің құнын жариялады.
Босану үшін акушер-гинеколог пен акушерді таңдау 200 000 теңге, кесір тілігі үшін акушер-гинеколог пен анестезиологты таңдау 200 000 теңге, пациенттің жеке палатада (босанғаннан кейінгі палатада) болуы күніне 12 000 теңге, ал серіктестің болуы күніне 5000 теңге тұрады.



