Жаңалықтар

Өскеменде көктайғақтан 100-ден астам адам жарақат алды

Өскеменде өткен демалыс күндері көктайғақ салдарынан 100-ден астам адам жарақат алып, дәрігерлер көмегіне жүгінді.

Мәліметке сүйенсек, екі күн ішінде 106 адам құлап, көгеру мен созылу жарақаттарын алған. Сонымен қатар 40 жарақат тұрмыстық жағдайларда тіркелді. Оның екеуі жол-көлік оқиғасынан, үшеуі ит тістеуінен болған.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 ақпан мен 22 ақпан аралығында травматологиялық пунктке барлығы 1595 адам жүгінген. Олардың 1181-і көшеде жарақат алған.

Дәрігерлердің айтуынша, 72 науқас ауруханаға жатқызылды. Мамандар тұрғындарды сақ болуға және тайғақ күндері абайлап жүруге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button