ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Экология департаменті хабарлады.

Ертең сағат 20:00-ден 25 ақпан сағат 20:00-ге дейін екінші дәрежелі метеожағдай күтіледі. Мұндай кезде желсіз ауа райының кесірінен зиянды заттар ауада жиналып, қала түтінге оранады.

Сонымен қатар, Риддер қаласында да ауа сапасы нашарлайды деп болжанып отыр.

Еске салайық, егер Өскеменде екінші дәрежелі метеожағдай төрт күн қатарынан сақталса, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button