ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да түрмеге смартфон кіргізбек болды

Шығыс Қазақстан облысында тергеудегі азаматқа ұялы телефонды жасырып кіргізбек болған. Бұл туралы Департаменттің ресми өкілі Салтанат Дәулетбек хабарлады.
Өскеменде 22 жастағы азамат смартфонды жеке мақсатта пайдалану үшін тергеу изоляторындағы досына бермек болған. Ол ұялы телефонды бір бөлке нанның ішіне жасырып салған.
Сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері нанның ортасына жасырылған смартфонды анықтады. Тыйым салынған зат тәркіленді.
Осы факті бойынша, алдын ала ескертілгеніне қарамастан, азамат А.-ға қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге әрекеттенгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.



