Жаңалықтар

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

26–28 ақпан күндері Өскеменде жастар (U23) және кіші жасөспірімдер (U16) арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарыс Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ұйымдастырылады.

Додаға еліміздің 20 өңірінен 540 үздік спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Бұл жарыстың маңызы зор. Себебі чемпионат қорытындысы бойынша мамырда Тайваньда және шілде айында Қытайда өтетін Азия чемпионаттарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

Өтетін орны: Сәтбаев даңғылы, 82/2 (Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы)
Ашылу салтанаты: 26 ақпан, сағат 15:45

Басқа жаңалықтар

Back to top button