Жаңалықтар
–47°C:ШҚО-да аяз күшейіп келеді

Таңертең өңірдің бірқатар қала-аудандарында ауа температурасы күрт төмендеді. Ең төменгі көрсеткіш Марқакөл ауданында тіркеліп, сынап бағанасы –47 градусқа дейін түсті.
Қатты аязға байланысты облыстың кей мектептері сабақты қашықтан оқып жатыр.
Ресми мәліметтерге сәйкес, таңғы уақыттағы температура:
•Катонқарағай ауданы — минус 29-дан –37 градусқа дейін;
•Күршім ауданы — минус 35 градусқа дейін;
•Глубокое ауданы — минус 37 градусқа дейін;
•Үлкен Нарын — минус 35-тен –40 градусқа дейін;
•Алтай қаласы — минус 32-ден –45 градусқа дейін;
•Марқакөл ауданы —минус 30-дан –47 градусқа дейін.
Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.



