Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде өткен live-концертке 12 мыңға жуық адам жиналды

Күні кеше облыс орталығында жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған live-концерт өтті. Саршұнақ аязға қарамастан жиылған жұрт қарасы мол. Нақтыласақ, 12 мыңға жуық адам келген.

Мұндай ауқымды концерт ойын-сауық орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

— Өскеменге осыдан 15 жыл бұрын көшіп келдім. Осы уақыт аралығында бірінші рет ерекше форматтағы концертке келуім. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықпен бірге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та жүр. Қандай әдемі көрініс! Әуезді ән, болашаққа бей-жай қарамайтын жұрт, жастардың қолында көк байрағамыз, өте ұнады, — дейді облыс тұрғыны Серік Нұрғалиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша концерттік бағдарламалар тек облыс орталығында емес, қала мен аудандарда да ұйымдастырылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button