Жаңалықтар

Өскеменде тағы да бұралқы иттер мәселесі көтерілді

Облыс орталығының әкімі Алмат Ақышовтың халықпен кездесуінде тұрғындар көшеде иесіз иттердің көбейіп кеткендігіне шағымданды.

№4 қалалық ауруханада жұмыс істейтін Галина Пахомованың айтуынша, соңғы уақытта травматологиялық пунктке иесіз иттерден зардап шеккен науқастар жиі жүгінеді. Ол қаңтар айында өзі де иттердің шабуылына тап болғанын айтты. Оқиға ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер мектебі маңында және Михаэлиса көшесінде болған.

—Иттерді зарарсыздандырғаннан кейін неге қайтадан далаға жіберетінін түсінбеймін. Мен жануарларды өлтіруді сұрап отырған жоқпын. Тек оларды көшеден алып тастауды өтінемін, – деді Галина Пахомова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button