Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі бақылауы күшейтіледі

Ақмола облысында болған қайғылы жағдайдан кейін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ жарылып, адам шығыны тіркелген. Бұл оқиға өңір басшылығын алаңдатты.

Енді облыста, әсіресе газ жабдықтарын пайдаланатын кәсіпкерлерге бақылау күшейтіледі. Төтенше жағдайлар департаменті, әкімдік және газ инспекциясы өкілдері бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button