ЖаңалықтарСпорт
Глубокое ауданында шаңғыдан жарыс өтеді

7 наурызда Глубокое ауданына қарасты Боброка ауылында дәстүрлі шаңғы жарысы ұйымдастырылады.
Байқауға белсенді демалысты ұнатушылар мен кәсіби спортшылар қатыса алады.
Спорттық іс-шара Заречная көшесі, 117 мекенжайы бойынша орналасқан Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінде өтеді.
Жарыс сағат 10:00-де басталады.
Сайысқа WhatsApp қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Қатысушы өтінімді 8 705 511 0280 нөміріне жіберу керек.



