ЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

Өскемен Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында жаңа спектакльдің тұсаукесері өтті. Сахнада татар драматургі Туфан Миннуллиннің «Диләфруздың төрт күйеуі» атты романтикалық комедиясы қойылды.

Көктем қарсаңында өткен премьера көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Спектакль махаббат туралы ой қозғайды. Қойылым барысында көрермен бірде күліп, бірде ойға шомады.

Шығармада басты кейіпкер Диләфруздың өмірі арқылы махаббаттың әртүрлі қыры көрсетіледі. Оның төрт күйеуі төрт түрлі мінез бен тағдырды бейнелейді. Алайда жүрек тек бір адамды ғана таңдайтыны айтылады.

Айта кетейік, бұл спектакль – режиссер Жантай Тұрысбектің алғашқы режиссерлік жұмысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button