Басты жаңалықЖаңалықтар

Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

Ташкент қаласында өткен ересектер арасындағы армрестлингтен әлем чемпионатында шығысқазақстандық спортшы Бекжан Рамиянов алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

23 жастағы спортшы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Оның қоржынында бірнеше халықаралық жетістік бар. Мәселен, 2024 жылы Молдова мемлекетінде өткен әлем чемпионатында бесінші орын иеленген. Ал өткен жылы Өзбекстанда ұйымдастырылған жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, Үндістанда өткен халықаралық Pro Panja лигасына қатысқан.

Бекжанның спорттағы алғашқы қадамдары мектеп қабырғасында басталған. Ол кезде болашақ чемпионды алғашқы жаттықтырушысы Серік Ысқақов дайындаған. 2023 жылдан бері спортшы армрестлингтен жеті дүркін әлем чемпионы Еркін Әлімжановтың жетекшілігімен жаттығып келеді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Бекжанды қысқа демалыс пен жаңа жарыстарға дайындық кезеңі күтіп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button