Жаңалықтар
ШҚО-да жолдар қайтадан ашылды

11 наурыз күні сағат 07:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы қайта ашылды.
Ашылған жол учаскелері:
• Өскемен – Риддер – РФ шекарасы автожолы
15–105 км аралығы (Белоусовка кенті – Риддер).
• Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолы
1104–1191 км аралығы (Глубокое ауылының бұрылысы – Шемонаиха қаласы).
1194–1212 км аралығы (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасына дейін).
• Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолы
7–166 км аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласына дейін).
Жүргізушілерге жолда абай болу және жол қозғалысы ережелерін сақтау ескертіледі.



